



18 қазан күні “Мәңгі жаса,қыран елім, Қазақстан!”айдарымен “Ақпарат”математика,физика, ИВТ бірлестігі жоспар бойынша өздерінің бір күндік семинарын өткізді. Бірлестік жетекшісі Жумагулова Г.А семинарды салтанатты түрде ашып, мектеп директоры Ногаева Г.М құттықтауынан кейін, мұғалімдер сабақтар тізбегін көрсетті. 5-сыныпта Баймендинов Е.С “ Дұрыс және дұрыс бөлшектер “, 11-сыныпта Зыяданова А.Б “Пирамида және оның элементтері.Қиық пирамида”, 6-сыныпта Жұмағұлова Г.М “ Санның модулі”,7-сыныпта Семизова М.Н “Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу”,10-сыныпта Келесбаева А.А “Логикалық операцияларды қолдану”, 11-сыныпта Қойлыбағва Г.М “Жасанды интеллектіні әзірлеуде “мұғаліммен оқыту”әдісін қолдану ауқымы” ашық сабақтарын өткізді. Интербелсенді әдіс -тәсілдерді тиімді қолданған әрбір сабақ мазмұнды, әрі тартымды өтті.