04
январь
2020
Мектеп тарихы
Мектеп тарихы сонау 1930-шы жылдан бастау алатын, бастауыш қазақ мектебі болып, кейін 1962 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин атамыздың атын алды. Осы ескі мектеп 1996 жылы ғана жаңа ғимаратқа көшірілді. Совет үкіметі күйреп, мектеп ғимараты толықтай аяқталмаған болатын.Ауылдың жанашыр ағаларының арқасында және де сол кездегі мектеп басшысы мен ұжымының табандылығының нәтижесінде жаңа мектепке есік терезелері қойылып, оқушыларға білім алатындай жағдай жасалынды. Әйтсе де күні бүгінге дейін дұрыс аяқталмағанының зардабын тартып келеміз.
Бұл мектептен Қазақстан Республикасына әйгілі азаматтар білім алған: бұрынғы ақпарат және мәдениет министрі, қазіргі кезде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасының бұрынғы бас мүфтиі, бүгінде "Нұр Мүбәрак" Ислам мәдениеті университетінде басшылық қызметте Ержанқазы Маямеров, әлем чемпионы және "Қазақстан барысының" күміс жүлдегері Шалқар Жоламанов. Олар біз үшін үлкен мақтаныш. Мектеп Республикамыздағы танымал жүз мектептің 49-ы болған. Мектептен жылда алтын белгі иегерлері шығады. Оқушыларымыз облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатады. Осының барлығы сол мектепте еңбек ететін ұстаздарының арқасы. Бүгінгі таңда бала-бақшамен шағын орталықты қосқанда мыңнан аса бала дәріс алуда. Оларға білім беретін мұғалнің саны-109.