Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына (2 бірлік) конкурс жарияланады! » Коммунальное государственное учреждение " Средняя школа-сад имени Сейфуллина" отдела образования район Мақаншы управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-04-85
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2026

Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына (2 бірлік) конкурс жарияланады!

Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына (2 бірлік) конкурс жарияланады!
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кастелянша-санитар лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы, Найманбай көшесі №155 мекен жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы » КММ-ң тәрбиешінің көмекшісі лауазымдық міндеттері:
Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына қабылданатын тұлғаға қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер.
1.1. Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына арнаулы орта білімі бар және тігуді білетін тұлға қабылданады, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
1.2. Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісіне бағынады.
1.3. Меңгерушінің бұйрығы негізінде қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.
1.4. Жыл сайынғы медициналық тексеруден өтеді.
1.5. Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін басшылыққа алады.
1.6. Еңбек тәртібін сақтайды.

2. Лауазымдық міндеттері.
2.1. Жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды. Есептен шығару актілерін дайындайды және түгендеуді жүргізуге қатысады.
2.2. Есебіндегі мүлікті пайдалану ережелерінің сақталуын тексереді. Мерекелік костюмдер тігуге қатысады, киімді өлшемдеріне қарай реттейді.
2.3. Жабдықтар мен техникалық аппаратураны пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтайды. Қызмет көрсетуші персоналды төсек-орын жабдықтары, алынбалы мүкәммал және арнайы киіммен қамтамасыз етеді.
2.4. Төсек-орын жабдықтары кестеге сәйкес ауыстырылуын бақылайды, оны сұрыптайды және жууға тапсырады. Берілген және қоймада сақталатын мүлікті (оның ішінде жұмсақ мүкәммалды) алады, қалпына келтіреді, қалпына келтіреді, толықтырады, есепке алуды жүргізеді.

3. Мектепке дейінгі тәрбиешінің көмекшісі білуі тиіс.
3.1. Білім беру саласының нормативтік құқықтық құжаттары: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңдары, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары, Ішкі еңбек тәртібі қағидалары, білім беру ұйымдарының бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер.
3.2. Еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, санитариялық қағидалар мен нормаларын.
3.3. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесінің тәртібін.
3.7. Төтенше жағдайда іс-әрекет ету тәртібін.

4. Құқықтары.
4.1. Өзінің тікелей міндеттерін орындау үшін тиісті жағдай жасалуын әкімшіліктен талап ету.
4.2. Өз құзыреті шегінде шешім қабылдау.
4.3. Еңбек шартының талаптарына сәйкес жалақысының уақтылы және толық көлемде төленуіне.
4.4. Еңбегінің төленуі біліктілігі, орындалған жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасына сәйкес болуына.
4.5. Жоғары көрсеткіштері мен өз жұмысын үлгілі орындағаны үшін көтермелеуге, сыйлықақыға және сараланған қосымша ақыға.
4.6. Демалысқа, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына.

5. Жауапкершілігі.
5.1. Ішкі тәртіп ережелерін, санитарлық-эпидемияға қарсы режимді, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын сақтау.
5.2. Осы лауазымдық нұсқаулықта айқындалған өзінің функционалдық міндеттерін уақтылы және сапалы жүзеге асыру.

Лауазымдық жалақысы: 133 000 тенге
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 5 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылы Найманбай көшесі 155 анықтама байланыс телефондары: 8 72239 (4-04-85) seifullin28@mail.ru
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қызметті берушінің кеңсесіне, не Мемлекеттік корпорацияға, не порталға мынадай құжаттарды береді:
1) Өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) түйіндеме.