Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жарияланады! » Коммунальное государственное учреждение " Средняя школа-сад имени Сейфуллина" отдела образования район Мақаншы управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-04-85
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2024

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жарияланады!

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
1.1. мектептің материалдық-техникалық базасына толық жауап береді.
- материалдық жауапкершілікті толық мойнына алады;
-мектепті жаңа оқу жылына толық дайындайды
- мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді;
- кабинет мүліктерін тексереді, қабылдайды;
- қаржының және материалдық жабдықтардың өз уақытында дұрыс, тиімді жұмсалуын қадағалап, сараптайды;
- мектептің санитарлық, өрт қауіпсіздігі және апатсыздық жағдайына, энергия көздерінің үнемді пайдаланылуына жауап береді, мектептің жылуы және жарық режимін сақтау шараларын ұйымдастырады;
- материалды-техникалық жабдықтармен, кеңсе заттарымен, жууға қажетті заттармен, жабдықтармен өз уақытында қамтамасыз етеді;
- мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады;
1.2. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын;
- еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды;
- Мектеп жарғысын.
Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма- қол немесе пошта арқылы мынандай құжаттарды:
1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3)кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелерін;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6)денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен -жайға тапсырылуы тиіс. Мақаншы ауылы, Найманбай көшесі 155. Анықтама телефоны 8 (72239) 4-05-85.