Мектепке дейінгі тәрбиеші лауазымына конкурс жарияланады! » Коммунальное государственное учреждение " Средняя школа-сад имени Сейфуллина" отдела образования район Мақаншы управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-04-85
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2022

Мектепке дейінгі тәрбиеші лауазымына конкурс жарияланады!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілгенМемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде мектепке дейінгі тәрбиеші лауазымдық қызметіне  КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ :

1.ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, Найманбай көшесі №155 мекен жайында орналасқан ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы » КММ-ң мектепке дейінгі тәрбиеші  (декреттік демалыстағы маманның орнына уақытша 1 жыл)

Мектепке дейінгі тәрбиеші  қойылатын  біліктілік  талаптары :

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл

Лауазымдық міндеттері:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

      Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

      Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

      Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

      Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

      Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

      Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

      Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77000–нан  92000 теңгеге дейін 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы Найманбай көшесі 155   анықтама   байланыс телефондары8 72239 (4-04-85) seifullin28@mail.ru

Конкурсқа  қатысу  үшін  кандидат мектепке дейінгі тәрбиеші қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі және үйден оқитын балаларға сабақ беруге арналған кәсіби даярлықтан өткендігі туралы куәлік.

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. 

Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.