"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша" КММ тарихы » Коммунальное государственное учреждение " Средняя школа-сад имени Сейфуллина" отдела образования район Мақаншы управления образования области Абай
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-04-85
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2021

"Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша" КММ тарихы

Шығыс Қазақстан облысы    Үржар ауданы Мақаншы ауылы   Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы” КММ тарихы.

 
           Кез келген мектептің өз тарихы бар. Сондай мектептердің бірі әрі бірегейі   «Сейфуллин атындағы орта мектебі». Бұл мектеп Мақаншы ауылындағы ең алғашқы мектептердің  бірі. Мектептің іргетесының қаланғанына  91 жыл болды. 1930 жылы «С. Сейфуллин атындағы орта   мектебі» деп аталды. 
       Сәкен Сейфуллин атындағы орта   мектебімізде басшылық қызмет атқарған мектеп директорлары төмендегідей:
 1936-1949оқу жылдары Камалиев Әділхан
1950-1953 оқу жылдары Отарбаев Темірхан 
1953-1955  оқу жылдары Жексейтов Әрін
1955-1959 оқу жылдары Шоңбаев Ұлтанбай 
1960-1964 оқу жылдары Ибрагимов Сүлеймен
1964-1967 оқу жылдары Ашубаев Оразхан
1967-1970 оқу жылдары Қалиев Бердірахман
1973-1974 оқу жылдары Сапаров Сиқымбай
1977-1978 оқу жылдары Абдрешов Жәкулә
1978-1986 оқу жылдары Мұраталиев Медет
1986-1988 оқу жылдары Орынбаев Ақан
1988-1984 оқу жылдары Оңғарбаев Сапарбек 
1984-2008 оқу жылдары   Миканова Сарқыт Батқалқызы
Мектебімізден  көптеген атақты  тұлғалар, яғни медалистер, академиктер, генералдар, ғылыми доктор атағын алған түлектер түлеп ұшты. Атап айтқанда:
ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының докторы, профессор. Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі, ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымының докторы, профессор  - Ұлықпан  Есілханұлы Сыдықов.
Ержан Малғажыұлы Маямеров — 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиболып қызмет етті. Бүгінде "Нұр Мүбәрак" Ислам мәдениеті университетінде басшылық қызметте.
   Сонымен қатар, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Шалабаев Құсман Кәрімұлы, тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент Селкебаева Айман Тоқтасынқызы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен әлем чемпионы, бірнеше дүркін Азия чемпионы  Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы сынды елімізге танымал азаматтар мектебіміздің мақтаныштары. 
          1996 жылы көлемі -7629 м2  ғимарат салынып, «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп» болып пайдалануға берілді. Ал  2011 жылдан бастап «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып жұмыс жасап келеді. 
        Сондай -ақ мектеп мақтаныштары болған шәкірттеріміз «Алтын белгі» иегерлері де баршылық:
1964-1965 оқу жылында Ұлықпан Сыдықов Есілханұлы
1988-1989 оқу жылында Кулубаева Қарлығаш Исақызы, Жақыпов Рашит Аманжолұлы
        2009-2010 оқу жылында Сейтканова Айдана Бауыржанқызы, Ахмед-Заки Тоғжан Тұрсынханқызы, Тұрсынжанов Марат Ардақұлы
       2013-2014 оқу жылында Темірханова Айгерім Даниярқызы
       2015-2016 оқу жылында Өтеген Айым Болатқызы, Жақсыбай Даяна Бауыржанқызы.
2009 жылдан бері  Сеитканов Бауыржан Мәулетканұлы директорлық қызмет атқарып келеді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Темерканова Раушан Есілжанқызы. Жыл сайын алтын ұя мектебімізден 2-3 оқушыдан «Алтын белгі» белгісінің иегерлері атанып, мектеп мерейін асыруда. Сонымен қатар, түлектеріміздің 80 % грант иегерлері.
 2020-2021 оқу жылы бойынша  927   оқушы білім алып,  107 мұғалім қызмет атқарып келеді. Мектеп мәртебесін арттырған ұлағатты ұстаздарымыз да бар: Қ.Р.Білім беру ісінің үздігі – 26, ҚР БҒМ  Құрмет грамотасымен марапатталғандар -22.  
Мектепте мектеп мұражайы,«Абайтану» кабинеті, 
бірнеше цифрлық технологиямен қамтылған
сынып (робототехника, химия, тарих, математика т.б) кабинеттері бар. Жаңа ақпараттық технологиялар енгізілген кабинеттерді  пайдалана отырып пән мұғалімдері  сабақтарын өткізіп,
нәтижесінде оқушыларымыз жаңа технологияны меңгеріп, жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп жатыр. Мектеп оқушылары пән  олимпиадаларына қатысып,республикадан 4  оқушы, облыстан 37 оқушы,  аудан көлемінде жыл сайын жүлделі орындарды иеленіп келеді. Сонымен қатар әртүрлі сайыстарға қатысып, өз білімдерін дәлелдеуде. «Білікті ұстаздан білімді шәкірт» дегендей шаңырағымыз рухани бай, жан –жақты дамыған , дарынды, бойында ұлттық құндылықтар бар тұлғаны қалыптастыруда аянбай еңбек етуде. 
tarih_sejfullin_posle.doc [388 Kb] (cкачиваний: 18)
Посмотреть онлайн файл: tarih_sejfullin_posle.doc